Бүгін сенбілік өткізу жөніндегі «Атырау-Ақпарат» ЖШС бастамасын қабыл алған Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы ұжымы оны жоғары дәрежеде өткізді.
Ұжым мүшелері ұйымшылдық танытып редакция орналасқан қос қабатты ғимараттың алдындағы тазалықты қалпына келтірді. Темекі тұқылдары, ұшып келген қағаздар жиналып, шөптер шабылды. Бұл жұмыстарға бас редакторымыз Таңатар Дәрелұлының өзі белсене араласып, үлгі көрсетті. Келесі кезекте редакция бөлмелері тазаланды.
Құрал-жабдықтардың, жиһаздардың, папкалардың шаңдары сүртіліп, есік-терезелер жуылды.
Осылайша бір-екі сағатта біраз тазалық жұмыстары атқарылды.
Редакция