Сенатордың сапары

(0 Votes)

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев, облыстық мәслихат хатшысы Өмірзақ Зинуллин, басқа да лауазымды тұлғалармен бірге жұмыс сапарымен ауданымызда болып, Құрманғазы ауылында құрылысы жүріп жатқан 75 орындық жаңа аурухананың жағдайымен танысты.

Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша "NCOC N.B" компаниясының демеушілігі арқылы салынып жатқан нысан алдағы күндері пайдалануға беріледі.

Жобаның құны 2 млрд. 469 млн. теңге. Бұл құрылыстың 10 орындық жұқпалы аурулар, 10 орындық балаларға арналған бөлімшесі, 75 орындық ауруханасы, азық-түлік, кір жуатын блогтары, медициналық қалдықтарды жоятын орны бар екен. Алдына асфальт та төселіп, науқастардың таза ауамен тыныстап демалуына барлық жағдай жасалған.

senatr1

senatr2

Аурухананың материалдық-техникалық базасы жасақталып, заманауи аппараттармен толықтырылуда. Сенатор Ғұмар Дүйсембаев аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиевадан елдегі пандемиялық ахуалдың ауданымызға қалай әсер етіп жатқанын, науқас жандардың бүгінгі жай-күйін, проблемалық мәселелерін сұрады.

senatr3

senatr5

Бұдан әрі сенатор Атырау-Астрахань тас жолының, Ақкөл ауылындағы 290 орындық балабақша, "Құрманғазы-Бірлік" тас жолының құрылысымен, Шарон өзенінің түп тереңдету жұмыстарымен, Хиуаз ауылдық мәдениет үйінің жобасымен танысады деп күтілуде.

senatr4

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521