Сенатордың ауданға сапары

(0 Votes)

Жұмыс сапарымен ауданымызда болған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаевтың нысандарды аралауы «Атырау-Астрахан» автомобиль жолының құрылысын жүргізіп жатқан «Сине Мидас Строй» ЖШС-інде болумен жалғасты.

Онда жоба жетекшісі Б.Өмірбаев Ресей шекарасынан басталған жолды қалпына келтіру жұмыстары жоспарға сай жүзеге асып жатқандығын қаперге берді.

img_3139

img_3144

– Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын тас жолдың қазіргі уақытта 60 шақырым бөлігінде қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттамаға сай нысан 2021 жылы аяқталуы тиіс. Дейтұрғанмен жергілікті басқару органдарының, аудан тұрғындарының өтініші бойынша жұмысты мерзімінен бұрын аяқтап, биылғы жылы пайдалануға беруді ойластырғанбыз, алайда елдегі жағдай бұл жоспарымыздың жүзеге асуына жол бермеді. Онға тарта қайтадан салатын, жөндейтін көпірлер болмаса жол төсеу жұмыстары біте келді. Көпірлердің аралығындағы бөліктерді пайдалануға бере беруге болады, - деген оның сөзін сенатор қоштап, «мұныңыз құптарлық шешім, жол азабын тартып жүргендер үшін жақсы жаңалық қой» деді.

img_3153

img_3155

Облыстық мәслихаттың хатшысы Ө.Зинуллин қазіргі пандемияның қолбайлау болып отырғанын жақсы түсінетінін, дейтұрғанмен сақтық шараларын қатаң сақтап жұмыс ырғағын бәсеңдетпеу қажеттігін нықтады. Жоба жетекшісі мекемеге арнайы медицина маманы алынып, жұмысшылардың әрдайым денсаулығы, дене қызуы тексеріліп тұратынын, короновирус дертіне шалдыққандар жоқтығын айтты. Депуттар тобы Шарон өзенінің түбін Нұржау ауылы маңынан тереңдетіп жатқан орында болды. Мердігер мекеме – «Павлодар өзен порты» ЖШС-нің учаске басшысы Д.Алипов елді мекендер тұсында суға тасталған темір-терсектер, тұрмыстық қалдықтар қазу техникасының істен шығуына әкелетінін, ал өзен бойын алдын-ала тралмен тазалау сметада қаралмағанын жеткізді.

img_3170

img_3179

Ақкөл ауылындағы құрылысы 2017 жылы басталған 290 орындық балабақшасында болып, жұмыс барысымен танысып, нысанның пайдалануға беруілуі неліктен кешеуілдеп жатқанын сұрады. Мердігер мекеме - «Мұнай Автоматика Сервис ЛТД» ЖШС директоры Н.Сатылғанова елдегі жағдайға байланысты жұмыстарында біраз кідірістер болғанын айтып, алдағы уақытта қарқынға-қарқын қосып аяқтайтынына сендірді.

img_3192

Азғыр өңіріне көгілдір отын айдайтын Ақкөл желілік-өндірістік басқармасының газ тарату стансасында болды.

img_3208

Жаңаталап ауылдық округінде болғанында аудан әкімі Қ.Нұртаев абаттандырырып жатқан саябақты көрсетіп, оның көрнекі жеріне «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанованың ескерткішін орнату жоспарда барын жеткізіп, халық қалаулырынан жасатуға септесулерін сұрады.

img_3220

img_3226

Бұдан соң Байда ауылдық округінде болып тұрғындармен кездесіп, Сенат және облыстық мәслихатта атқарылған жұмыстардан мәліметтер беріп, жиынға қатысушылардың өтініш тілектерін тыңдады. Келесі кезектер Бірліктегі құрылысы аяқтала келген ауылішілік және кірме жолдардың жағдайымен, Қиғаш өзенінідегі түп тереңдету жұмыстарымен танысты.

img_3240

img_3244

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521