«Senat Open» финалына қатысады

(0 Votes)
Елімізде шахмат спортын дамыту, оны саяси қайраткерлер, депутаттар мен қоғам өкілдері арасында танымал ету, Қазақстан халқының зияткерлік әлеуетін, спорттың осы түрін дамытуға жергілікті атқарушы органдардың назарын аудару мақсатында Қазақстан Шахмат федерациясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының қолдауымен, елімізде алғаш рет барлық деңгейдегі депутаттар мен қоғам өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында шахматтан «Senat Open»І ашық кубогын өткізуде.
   
Осыған орай, облыс орталығында іріктеу ойындары ұйымдастырылып, оған қатысқан ауданымыздың командасы жалпы командалық есепте ІІІ орынды иеленді. Сол ойында бақ сынаған шахматшыларымыз  Құрманбай Медеуғалиев, Есей Хусайынов ағаларымыз Ақтөбе қаласында өткен жартылай финалға жолдама алған болатын. Бұған дейін де талай жарыстарда топ жарып, көзге түсіп жүрген, ауданымыздың белгілі шахматшысы Құрманбай Медеуғалиев жартылай финалдан да сүрінбей өтіп, 2024 жылдың 31 тамызы күні Астана қаласында болатын финалдық ойынның  жолдамасына қол жеткізді. Республикалық сайыста ауданның, облыстың намысын қорғағалы отырған шахматшы ағамызға зор ризашылығымызды білдіріп, өткелі отырған сайыста сәттілік тілейміз! Шығар тұғырыңыз биік болып, жеңіспен оралыңыз!
 
Жалғасбай Шамбузов,
Құрманғазы аудандық мәслихатының ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT