2023 жылдың ақпан айында "Atyrau" телеарнасында 11 сынып оқушылары арасында телевизиялық білім сайысы ұйымдастырылды.
Жеті аудан мен қала мектептерін қосқанда барлығы 172 білім ошағынан 830 оқушы алғашқы іріктеу сайысына қатысты. Тоғыз пәннен жүз сұрақ қойылды. Соның нәтижесінде ұпай сандары жоғары деген 64 оқушы телесайысқа жолдама алды.
Оқушылар 16 топқа бөлінді. Сол топтардан жеңімпаздар анықталып, 4 оқушымыз жартылай финалға өтті. Маусым айында ақтық ойынның түсірілімі болады.
Сол кезде облысымыздың телесайыстағы ең үздік оқушысы анықталады. Жеңімпаздарға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтiң бастамасымен ақшалай сыйлықтар табысталады.
1 орын - 200 мың теңге
2 орын - 150 мың теңге
3 орын - 100 мың теңге
4 орын - 50 мың теңге иеленетін болады.