Ақпан айында қала мен жеті аудан мектептерінде 11 сынып оқитын оқушылар арасында тест өткіздік.
Ұпай сандары жоғары деген 64 шәкірт анықталды. Оларды төрт төрттен 16 топқа бөлдік. Барлығы 21 телевизиялық түсірілім жасадық.
Тартысты ақтық сында төрт оқушы өз білімдерін жан-жақты көрсете білді. Пәндерді терең меңгеріп, ағылшын тіліне жетік екендерін де танытты. Финалға шыққан бұл төрт оқушы бұған дейін 172 мектеп жиналған барлығы 830 оқушы ішінен суырылып шыққандар. Одан кейін топтық ойын, сосын жартылай финал ойының жеңіп шыққан дарындылар.
Бас жүлде 200 000 теңге - Алтынбек Саламат, Атырау қ., НИШ;
1 орын 150 000 теңге- Төлеген Абдуррахман, Атырау қ., №30 мектеп;
2 орын 100 000 теңге - Әсем Серікова, Атырау обл. Құрманғазы ауд. Ы.Алтынсарин мектебі;
3 орын 50 000 теңге - Дильназ Руслан, Атырау қ., №7 мектеп.
Жобамызды қолдаған Атырау облысы әкімдігіне, Zhasulan Орақұлына, Гульнара Манапқызына, Гүлвира Сәрсенбайқызы, Аманбай Шапқатұлына, Руслан Құрманғалиұлына, Саламат Нұрмұханұлына, Gulzada Тәңірбергенқызына, жеті ауданның білім беру бөлімінің басшыларына Айбол Долдашев, Гульфара Утемисовна Утемисова, Гулайна Курмангалиева, Орынша Дилмукашева, Venera Kabysheva, Айбарша Какпанбаева, Гүлфайруз Күлімқызына, №17 мектеп басшысы Акмарал Жармановаға алғысымды білдіремін.
Бұйыртса, жаңа оқу жылында бұл жобамыз 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары арасында жалғасын таппақ.
Жобаны ұйымдастырушы Амандық Есқали