Селқостық сан соқтыруда

(1 Vote)

Әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ жұмысын жандандыруда. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев бастаған топ мүшелері орталықтағы сауда нүктелерін, азық-түлік орындарын, шаштараздар мен құрылыс дүкендерін аралады.

politsiyamen-birge1

Нысан басшыларына арнайы Қаулы бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, бекітілген тәртіпті қатаң сақтау тапсырылды. Мәселен есіктің кіре-берісінде антисептик құралы, инфрақызыл маңдай термометрінің қойылуы, ара қашықтықты сақтау қажеттігі қаперге берілді. Ғимарат сыртына бетпердесіз кіруге болмайтыны туралы ескертпе жазу ілініп тұрса да, қызметкердің өзі бетпердесіз тұтынушымен қарым-қатынас жасауы жиі байқалды. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарының да санитарлық нормаларды сақтауы басты назарға алынды. Қауіпті дерттің дендеуін болдырмау аясында рейд шаралары күшейтіле бермек.

politsifmen-birge2

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521