Елімізде өз кәсібін, сол арқылы нәсібін іздегендерді жұмыспен қамтуға зор маңыз беріліп отыр. Осы бағытта жыл сайын бірнеше рет жәрмеңкелер ұйымдастырылып жүр.
Республика күні қарсаңында Құрманғазы аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеге ауданымыздың 20 жұмыс беруші мекемелері және аудандық прокуратура, пробация қызметінің өкілдері және сот орындаушылары қатысты. Жәрмеңкеге аудан көлемінде жұмыссыз ретінде тіркелгендер, пробация қызметінің есебінде тұрғандар, алимент төлеушер тартылды.
Қатысушылар жұмыс берушілермен еркін пікірлесіп, өз түйіндемелерін тапсырды. Аталған шараға қатысқан 114 адамның ішінен 80-і тұрақты жұмысқа жолданып, көңілдері жайланды.