«Сазды керуен» салған әндер-ай

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігінің «Сазды керуен» атты концерті өтті.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәдени рухани деңгейін көтеру, өнерлілерін елге таныту мақсатында ұйымдастырылған шарада Әмір Үмбетов домбыра мен гитарада сүйемелдеп, Гүлжанат Тастанбекова, Гаухар Жолаева, Рысхан Дәріс тамылжыта ән салды. Атырау қаласынан келген өнерпаздармен бірге ауданымыздың да Рифхат Жәңгір, Айгерім Шияпова, Ербол Имашев, Ақтоты Муфтахиева, Бекнұр Қапашев сынды ерекше жандары өнер көрсетті. Бір жарым сағатқа ұласқан концертте риза болған көрермендер ілтипатын ду қол шапалақтаумен білдіріп отырды.

 

s

s

 

Шарада аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова сөз сөйлеп, мағыналы концертті ұйымдастыруға ұйытқы болған «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Үмбәтәлиевке, тағдырдың тәлкегіне мойымай, жол қиындығына қарамастан концерт беріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әртістерге алғысын білдіріп, Алғыс хатпен, ескерткіш сыйлықпен марапаттады.

sazdy-keruen5

sazdy-keruen

Аудандық соқырлар қоғамының төрағасы Қайрат Қайыров өнерлі зағип жандардың басын біріктіріп, қоғам өмірінен шетқақпай қалмауына атсалысып жүрген Марат Қуанышұлына рахметін айтып, шығармашылық ұжымға толағай табыстар тіледі. Қорытынды сөз алған «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Үмбеталиев «Кейбір мүгедек жандар өз денсаулығының кінәраты болғанына қарамай, қоғамның бір бөлшегі ретінде сезінеді. Бір пайдам тисе деген ойда жүреді, олардың мүмкіндігі шектеулі болса да жаны – таза. Ерекше жандар арасында өнерлі, таланттылар бар. Біз олардың өз өнерін көрсетуіне мүмкіндік бердік, - деп жүрекжарды лебізін білдіріп, бірлестіктің атынан концертте ауданнан өнер көрсеткен мүмкіндігі шектеулі өнерпаздарды Алғыс хатпен марапаттап, 10 мың теңгенің купонын табыс етті.

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT