Саз мектебіндегі салтанат

(0 Votes)

1987 жылы сол кездегі Киров атындағы кеңшардың директоры, елжанды азамат Мақсот Сәрсеновтің үлкен қолдауымен ашылған дәулескер күйші Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебінің құрылғанына – 35 жыл.

Алғашқы диркторы Дәулет Кәрімұлы майдангер Ахонғали Елеуов, сырнайда, домбырада, қобызда ойнаудың шеберлері Арон Хасанов, Тоқтар Наушабаев, Нұрсұлу Кәрімова болып бастап, өнер жолын таңдаған 84 шәкіртті саз әлемінің сиқырына қанықтырды. Кейінгі жылдарда ұжымға Өтежан Қалиев, Ғаділбек Өтеков, Светлана Бердешова басшылық жасаса, қазіргі директоры Жанаргүл Даумова. Өнер ұясынан осы жылдар ішінде 556 оқушы түлеп ұшты. Олардың арасында Дина атындағы оркестрдің  бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі Болат Долдашев, Президент жанындағы оркестрдің белді домбырашысы Жұлдыз Жәбелова, «Аңсар» шығармашылық орталығының директоры Серік Сатыбаев сияқты өнер биігіне өрмелеп шыққандардың есімдерін мақтанышпен айтуға болады. Бұл күнде Дәулеткерей атындағы музыка мектебінің Хиуаз ауылынан басқа Ақкөл, Нұржау. Орлы, Жыланды,Балқұдықта филиалдары бар, дәріс алып жатқандардың жалпы бала саны – 214.  

s

Отыз бес жылдық мерейлі датаға орай Ақкөл ауылдық мәдениет үйінде «Өнерлі орданың мерекесі» атты педагогтар мен оқушылардың шығармашылық концерті ұйымдастырылды. Шара мектептің дәстүрлі ән сыныбының ұстазы Руслан Исмагуловтың ақын Т.Дәреловтің арнауын орндауымен басталды. Бұдан соң ән мен күйге кезек беріліп, өнерлі өрендер мен олардың ұстаздары сахнаны сәнге бөледі.

s

Салтанатты кеште аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова құттықтау сөз сөйлеп, бір топ ардагерлер мен мектеп мұғалімдеріне естелік медаль мен алғыс хаттар табыстады. Орал қаласынан арнайы келген Арон Хасанов сол күндерден жақсы сыр шертіп, өмірден озғандарын еске алды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева, білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әуез Ізжанов, Жаңаталап ауылдық округің әкімі Сұңғат Бралиев, әріптес ұжымдардың өкілдері де мінберге көтеріліп, ұлығылау рәсімін жасады.

saz-mektebinde3

saz-mektebinde5

s

Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебінің директоры Жанаргүл Даумова ұжымның мерейлі сәтін бірге бөліскендерге ризашылығын білдіріп, бұл күнге жете алмаған әріптестерінің ұрпақ, жарларына естелік хат пен сыйлық ұсынды. Осындай құрмет саз мектебінің ашылуына мұрындық болған Мақсот ағаның зайыбы Мәрзия арайға да көрсетілді.

s

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT