Саябақ 200 құбаталмен толықты

(0 Votes)

Аудан орталығындағы Тәуелсіздік саябағында «Экосағат» республикалық акциясы шеңберінде бір күндік ағаш отырғызу күні өткізілді.

Акция ортақ ғаламшардың бірегей экожүйесін сақтау, қоршаған ортаны аялау, туған өлкемізді көркейту мақсатын көздеді. Оған аудан әкімдігі, Құрманғазы ауылдық округі қызметкерлері және «Жасыл ел» сарбаздары қатысып, 200 түп тал-терек екті.

img_6138

img_6136

Естеріңізде болса, көгалдандыру жұмыстары тендерін ұтып алған жеке кәсіпкер Серік Баязитов өткен жылы осында отырғызылған 300 ағаштың тамыр алып кететініне сендіріп баққан еді. Сөзінде тұрыпты, сол теректердің бірен-сараны болмаса сап түзеп, жайқалып күзгі баққа ерекше көрік беріп тұр. Бұл күні сенбілікке шыққандардың ұйымшыл еңбектерінің арқасында саябақтың бос алаңы құбаталдармен (ива) толықты. Мұндай «Экосағат» сенбілігі аудан мектептерінде, бірқатар еңбек ұжымдарында да өтті.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT