Сауда нысандарында жайбарақаттық басым

(0 Votes)

Бүгінгі аралауда осыған тағы да көзіміз жете түскендей. Сауда орындарында маскасыз жүрген адамдар, оларға ескерту жасамай жайбырақат тұрған қойма меңгерушілері мен сатушылар індеттің іргеде жүргенін естен шығарып алғандай.

Атырау облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15 қазан күнгі қаулысын таныстыру мақсатымен аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері Құрманғазы ауылдық округіндегі сауда және көтерме сауда нысандары мен шаштараздарда болып, олардағы қауіпсіздік шараларының сақталу барысымен танысты. «Темірлан» сауда үйінде орналасқан жеке кәсіпкер Қ.Абатовқа қарасты және «Модист студия» шаштараздарында болған топ мүшелері мұндағы қызметкерлерге бетпердемен жүру, дизтөсеніш, антисептик болуы қажеттігі жөнінде ескерту жасады. Бұл сауда үйінің иесі, жеке кәсіпкер Еркебұлан Темірәлиевке де түсіндірілді. Одан әрі «Ceftic Alba» көтерме сауда дүкені, Құрылысшылар ауылындағы «Көтерме қоймасы», «Адия-2» шағын маркеті, «Абадан.Жантас-3.Береке» ЖШС қоймасы, «Қиғаш», «Арыстан» азық-түлік дүкендері араланды. Олардың да кейбірінде қоймашылар мен жұмысшылар бетпердесіз жүр. Бұған дейін талай мәрте айтылса да кіре беріс есікте «Бетпердесіз кіруге болмайды», деген ескерту, дизтөсеніш, антисептик сияқты сақтық құралдары жоқ.

ana-aa-1

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Болған Абилова: – Сіздерден Атырау облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының талаптарын сақтау қатаң талап етіледі. Ішке 3 адамнан, бетпердемен кіруі тиіс. Себебі, қайтадан бетпердемен жүру режіміне көштік. Дезинфекциялық шаралар міндетті түрде сақталғаны жөн. Бүгін біз әдейі шығып сіздерге түсіндіріп, ескерту жасаумен шектелудеміз. Келесі жолы айыппұлдар салынатынын қаперге береміз. Сондықтан алға қарай сақтық шараларын орындауға міндеттісіздер. Естімей қалдық деп жүрмеңіздер. Енді барлық дүкендер мен қоймалар күнде осылай араланып отырады, - деді. Мониторингтік топ мүшесі, «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры Ұлыбек Өтегенов айыппұл көлемінің мекемеге 800, жеке жауапты қызметкерге 82 мың теңгеден аса мөлшерде болатынын ескертті.

anat-aa-3

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521