2022 жылғы 21 қазанда сағат 07:24-те №7 өрт сөндіру бөлімінің (Құрманғазы ауданы) байланыс бекетіне Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылы, Абай көшесіндегі бір қабатты "Серпер" базары ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімі жеткен кезде, сауда сөрелерінің ашық отпен жанып жатырғаны анықталды.
Өрт салдарынан халық тұтынатын тауарлары бар сауда сөрелерінің, азық-түлік пен киім-кешек сататын сауда сөрелерінің жануы орын алды.
Ғимараттың жалпы ауданы 600 ш.м, өрт ауданы шамамен 200 шаршы метр құрайды.
Өрт сағат 08:44-те оқшауланып, сағат 09:15-те жойылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 20 қызметкері, 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.