Павлодар обылысының тумасы, көрнекті жазушы, сатирик, аудармашы, журналист, сазгер Қадыр Тайшықовтың туғанына 120 жыл толуына орай өткізілетін сатиралық шығармалардың республикалық онлайн байқауы өтеді.
1.Жалпы ережелер
1.1.Сатиралық шығармалар байқауы (бұдан әрі – байқау) туралы бұл Ереже оны ұйымдастыру, өткізу және қатысу тәртібін айқындайды.Сондай – ақ,шығармаларды ұсыну тәртібі мен оларды бағалау критерийлерін, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін реттейді.
1.2.Байқау қазақ сатирасының негізін салушылардың бірі, жазушы Қадыр Тайшықовтың 120 жылдығына арналған. Байқауға сатира жанрында жазылған шағын әңгімелер, әзіл – сықақ өлеңдер, шағын скетчтер, очерктер қабылданады.
1.3.Байқауды Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Мәдениет порталы» сайты (madeniportal.kz), облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени – сауық қызметі орталығы мен «Ақбеттау» журналы ұйымдастырып отыр.
2.Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- сатириктердің ең жақсы шығармаларының үлгілері бойынша жас ұрпақтың рухани, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру;
- әдеби шығармаларды кеңінен насихаттап, оны оқырман қауымға, жас ұрпаққа патриоттық, азаматтық және көркемдік- эстетикалық тәрбие берудің тиімді құралы ретінде пайдалану;
- дарынды сатиралық – қаламгерлерді қолдау және олардың әдеби туындыларын насихаттау;
- сатира жанрын насихаттау және осы жанрдағы жазушылар мен ақындарды қалың оқырманға таныстыру;
- жас мөлшеріне қарамай, сатираға қабілетті қаламгерлердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру;
- мәдени мұраны насихаттау және оны дамытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
3.Байқаудың ұйымдастыру комитеті
3.1. Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен байқауды өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдыр өкілдерінен құралады. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.
3.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды дайындау және өткізу бойынша басшылықты және мүдделі органдармен өзара іс – қимылды жүзеге асырады.
3.3. Ұйымдастыру комитеті іс – шараның ақпараттық – жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
3.4. Ұйымдастыру комитеті байқауды дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
3.5.Байқаудың ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және оның жұмысын ұйымдастырады, өтініштерді қабылдайды, қатысушыларға байқау мәселелеріне қатысты ақпараттар береді, қатысушыларды марапаттайды және марапаттау жүйесін анықтайды.
4.Байқаудың талаптары және өткізу мерзімдері:
. Үміткерлер конкурсқа ұсынылған шығармаларын «Мәдениет порталы» сайтында жариялайды
. Шығарманы жіберу үшін, алдымен «Мәдениет порталы» madeniportal kz сайтында тіркеліп, кейін «Шығарманы қосу» бөліміне өту қажет madeniportal kz/competition/4786/752/add.
. Қатысушымен «Мәдениет порталы» сайтына жіберілген шығарма модерациядан өткеннен кейін, 24 сағаттың ішінде жарияланады.
. Интернеттен жүктелген жұмыстар (плагиат) қабылданбайды.
. Байқауға мемлекеттік және орыс тілдерінде сатира жанрында бұрын жарияланбаған шағын әңгімелер, әзіл – сықақ өлеңдер, шағын скетчтер, очерктер қабылданады.
. Жұмыстың жалпы көлемі А4 форматындағы 4 баспа беттен аспауы керек. MSWordмәтіндік редакторы, Times New Roman шрифті, өлшемі 14, интервал бір жарым.
. Шығарманы жариялау кезде қатысушының аты – жөні, қысқаша өмірбаяны (жұмыс орнын көрсету), байланыс телефондары, электрондық поштасы көрсетіліп, фотосуреті ұсынылуы керек. Сонымен қатар, барлық аталған құжаттарды shsnyrak
. Қатысушы студент болса, өмірбаянында оқу орнын, факультетін, мамандығын, курсын көрсетуі керек.
. Қатысушы мектеп оқушысы болса, өмірбаянында оқу орнын, сыныбын көрсетуі керек.
. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.
. Осы Ережеде көрсетілген байқау талаптарына сәйкес келмейтін,бұрын жарияланған, осы байқаудың мерзімдерін сақтамаған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды.
. Жазбалар 2020 жылғы 20 шілдеге дейін қабылданады. Қатысушылардың шығармалары «Мәдениет порталы» сайтында жарияланып, байқаудың қазылар алқасына қарастыру үшін жолданады.
. Байқаудың қортындылары мен марапаттау рәсімі 2020 жылғы 8 тамызда Павлодар қаласында өтеді.
5.Байқаудың критерийлері және қазылар алқасы туралы
5.1.Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау, сондай – ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады.Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады (Қосымша 1) .
5.2.Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелері қол қояды.
5.3. Қатысушылардың шығармаларын әділ қазылар алқасы төмендегі критерийлер арқылы бағалайды:
. шығарманың өзектілігі, көркемдік мазмұны;
. тақырыптың ерекшелігі мен маңыздылығы;
. жұмыстың өзіндік ерекшілігі және мазмұндаудың стилі;
. сатира сипатын жасаудағы шеберлігі;
. сынға алып отырған оқиғаны сатира тілімен бейнелеуі;
. қызықты идеяның, жарқын бейненің болуы;
. жанрды дұрыс қолдана білуі.
5.4.Байқау нәтижелері бойынша қазылар алқасы жеңімпаздары анықтайды.
6. Жүлделер
1. «Қадыр Тайшықов» атындағыI жүлде (300 мың теңге);
2. «Жүсіпбек Аймауытов» атындағы II жүлде (200 мың теңге);
3. «Рақымжан Жаманқұлов» атындағы III жүлде (100 мың теңге);
4. «АҚБЕТТАУ» журналының арнайы жүлдесі;
5. «Рамазан Тоқтаров» атындағы арнайы жүлде;
6. Үш\3\ қаламгерге ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.
Жүлделі орынға ие болып шақырту алған қаламгерлердің жол қаражаты жіберушілер тарапынан өтеледі.
Мекен жайымыз: Павлодар қаласы,Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 1,
Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени – сауық қызметі орталығы.
Факс: 8 (7182 )68-03-00. Халық шығармашылығы бөлімі: 8 (7182) 68-02-98.
Электрондық пошта: shа