Сасық су қашан қоршалады?

(0 Votes)

– РТС ауылында тұрғаныма 40 жылдан асты.

Қазір мемлекеттік мекемелер мен жеке тұрғын үйлерде әжетханалар цементтелген. Сондықтан оларды сорғызып, лас суларды біз тұрған ауылдың шетіне төгеді. Ол жер бұрын шұңқыр болған. Бұлай төгіліп келе жатырғанына 10 жылдан асты. Соңғы 4-5 жылда арналар тартылып кеткендіктен маңайда мал су ішетін жер жоқ. Осы арада, 2-3 шақырым жерде жайылады. РТС, Тәжібай, Сазтүбек, Әлсейіт, Ескі аэропорт атты бес елді мекеннің малы аталған лас көлден су ішеді. Халық бірнеше жылдан бері оның етін жеп, сүтін пайдаланады. Айналасы 200-300 метр болар. Жылда тендер өтеді, ақша бөлінеді, қоршаймыз дейді. Аудан, округ әкімдері не қарап отыр? Олар неге халықтың жағдайымен санаспайды. Тексеріп жатырған адамды көрмедік. Лас көлдің тереңдігіне адам бойламайды. Бүкіл қоқыс алаңын емес, осы сасық көлді қоршауды сұраймыз. Уахит Масалов, РТС ауылының тұрғыны.

Абдуррахман Муса, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі:

– Құрманғазы ауылында тұрмыс қалдықтарын төгетін бір қоқыс алаңы бар. Ауылдан 1,5 шақырым жерде орналасқан. Жер көлемі 13,65 га. Жалпы қоқыс алаңы, оның ішінде кәріз жүйесінің суын төгетін орын құжаттары толық рәсімделмеуіне байланысты қоршауға қаржы бөлуге мүмкіндік болмады. Қоқыс алаңының жер телімі аудан әкімдігінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 300 қаулысымен Құрманғазы ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне беріліп, қаражаттың бөлінуіне орай, 2022 жылдың желтоқсан айында құжаттары толықтай рәсімделді. Қазіргі уақытта аталған қоқыс алаңын қоршау жұмыстарын жүргізу үшін сметалық есебі жасақталуда. Сонымен қатар 2023 жылға Құрманғазы ауданына ангар және тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау қондырғысын сатып алуға 60 000,000 теңге қаржы қаралып, конкурстық құжаттарын жасақтау жұмыстары жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521