Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың: «Алдағы негізгі мақсат- балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен 100 % қамту» делінген жұмыс бағытында елімізде осы мәселеге байланысты көптеген іс-шаралар атқарылуда.
Аудан орталығындағы «Айбөбек» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК бойынша 4 топта барлығы 95 бала (2-3 жаста 20 бала, 3-5 жаста 75 бала) қамтылған. Аталған балабақшаға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау бойынша тұрғындарға, оның ішінде ата-аналарымызға сапалы қызмет көрсету- басты міндеттеріміздің бірі.
Мектепке дейінгі ұйымдарға (бұдан әрі- МДҰ), яғни балабақшаға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге тиістілігі, балалардың туған жылы бойынша және әр туған жылы үшін өз кезегі қалыптастырылады. Бұл шаралар қазіргі уақытта indigo электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады. Кезектердегі өтініштер өтініш берушінің, яғни ата-ананың не заңды өкілінің өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады. Ата-анасы не заңды өкілі бір елді мекенде мектеп жасына дейінгі кезеңде кезекке кемінде 3 (үш) рет тұра алады.
Балабақшаға кезектен тыс немесе бірінші кезекте жолдама алған баланың ата-анасы не заңды өкілі басқа балабақшаны таңдағанда 1 (бір) ай өткен соң жалпы кезекке тұрады. Басқа балабақшаны таңдағанда бала балабақшадан шығарылады және баланың ата-анасы не заңды өкілі МДҰ-ға жолдама алуға кезекке тұру үшін өтініш береді.
Әскери қызметшілердің, педагогтердің, заңды өкілдері мүгедек болып табылатын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім, көп балалы, ерекше білім беруді қажет ететін, мүгедек баласы бар отбасының балалары бірінші кезекте жолдамамен қамтылады. Балабақшамызда жас тобы көрсетілген бос орынның пайда болуы туралы ақпарат балабақшаның сайтына, әлеуметтік желілеріне (фэйсбук, инстаграмм, уатсап), ата-аналар чатына ашық түрде жарияланады. Алдын ала кезекте тұрған баланың ата-анасы не заңды өкілі indigo электрондық порталына өз деректерімен жеке кабинетке кіру арқылы баланың жас ерекшелігіне сәйкес жолдама алады. Жолдама өтініш берушінің бастамасы бойынша кезектілікке, баланың жасына сәйкес беріледі. Жолдама алған соң баланың ата-анасы не заңды өкілі оның қолданылу мерзімі аспай тұрып аталған балабақша әкімшілігіне хабарласып, жолдаманы тіркетеді. Тараптар (балабақша әкімшілігі мен ата-ана (заңды өкілі) келісім-шарт жасау үшін ата-ана (заңды өкілі) қажетті құжаттарды (баланың денсаулық паспорты, денсаулық жағдайы туралы анықтама) мерзімінде ұсынбаса, баланың медициналық қарсы көрсетілімдері болса, растайтын құжаттарды ұсынуда өзге де себептер болса бала балабақшаға қабылданбайды. МДҰ-да бос орындар болған жағдайда құжаттарды қабылдау жыл бойы жүргізіледі.
Біздің алдымызға келген тұрғындарға, ата-аналарға тақырыптық сұрақтарына жауап беруге, кеңес беруге, сапалы қызмет көрсетуге біз әрдайым дайын екенімізді білдіреміз.
Бала- болашағымыз, сондықтан кішкентай бүлдіршіндеріміздің 100 % балабақшамен қамтылу мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі деп сенеміз.
Тамара Михайлқызы,
«Айбөбек» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК әдіскер