Сапалы білім – саналы ұрпақ азығы

(0 Votes)

Биылғы Білім күні мерекесімен қатар келген еліміздің тарихындағы жаңа бір саяси ахуал - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

Президентіміз бұл Жолдауында болашақ дамуымыз жан-жақты сарапталған өзгерістер жасауға байланысты деп көрсетті. Соңғы жарты жылдағы әлемдегі індет, дағдарыс біздің әлсіз жақтарымызды ашық көрсеткенін, соның орнын толықтыруды жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, ауданымызда 13 мектептің оқушылары штаттық режимде білім алуда. 18 мектеп «Онлайн мектеп», 2 мектеп «Дарын онлайн» платформасымен жұмыс жасауда. Педагогтардың осы білім платформаларын оқушылардың сапалы білім алуы үшін тиімді пайдалануына мүмкіндік туғызуын сыныптар мен бірлестіктер бойынша мониторинг жүргізіп отыру мектеп басшыларының міндеті болып табылады. Ауылдық жерлерде білікті кадрлар тапшылығын жоюда «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы негізінде білім бөлімінің «Педагогикалық сынып» кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру жобасы қолға алынып, 2019-2020 оқу жылы қорытындысымен 9 мектептің 83 оқушысы ЖОО педагог мамандықты таңдап, бұл 64,6 % құрады.

Жас жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уакыттарын тиімді ұйымдастыру аясында 5 қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс жасауы өткен оқу жылында 27,8 % болса, биылғы оқу жылында 28,3% құрап отыр. Соның ішінде «Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру қайта даярлау клубы» шеңберінде 85 үйірме жұмыс жасап, 2019-2020 оқу жылы 1360 оқушыны қамтыса, биылғы 2020-2021 оқу жылында 1390 оқушыны қамтып 12,5%-дан 12,9% көрсеткіш өсімді құрады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша 3-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 100%, 1-3 жас аралығындағы қамтылу 67,8%. Ауданымызға қарасты 22 балабақшамен қоса Ақкөл округінде жаңа 290 орындық «Нұрай» балабақшасының құрылыс нысаны аяқталып, 15 қарашада ашылуы жоспарлануда.

Аудандық білім бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT