Санитарлық талапты орындамаған құрманғазылық кәсіпкерлерге айыппұл салынды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы аумағында төтенше жағдайларға байланысты Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай, сәуір айының 08-11 күндері аралығында жүргізілген рейдтік шаралар кезінде карантиндік шектеу режимін бұзған кәсіпкерлер анықталды.

1. 09.04.2020 жылы сағат 17:00де тегершік жөндеу орталығының иесі жеке кәсіпкер «Т.Б» карантиндік және басқа да міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың талаптарын сақтамағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 6 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды ( Ескерту берілген).

2. 10.04.2020 жылы Құрманғазы ауылында орналасқан «София» азық-түлік дүкенінің иесі жеке кәсіпкер «А.Б» карантиндік және басқа да міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың талаптарын сақтамағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 6 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды (27 780 тенге айыппұл салынды).

3. 11.04.2020 жылы Құрманғазы ауылында орналасқан «Жанна» азық-түлік дүкенінің иесі жеке кәсіпкер «К.С» карантиндік және басқа да міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың талаптарын сақтамағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 6 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды (27 780 тенге айыппұл салынды).

4. 11.04.2020 жылы Құрманғазы ауылында орналасқан «Қиғаш» азық-түлік дүкенінің иесі жеке кәсіпкер «С.Г» карантиндік және басқа да міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың талаптарын сақтамағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 6 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды (27 780 тенге айыппұл салынды).

Төтенше жағдай кезінде Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен белгіленген карантандік және шектеу шараларын бұзған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатындығыңызды Аудандық полиция бөлімі ЕСКЕРТЕДІ.

Аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT