Санитарлық талаптардың орындалысы тексерілді

(0 Votes)

Елімізде жағдай бірқалыпты болғандықтан, кейбір карантиндік шектеулер жеңілдей бастады.

Алайда, «Сақтықта – қорлық жоқ» демекші, санитарлық талаптарды сақтауға міндеттіміз. Осыған орай, ауданымызда кәсіпкерлік нысандардың қызметінің қайта жандануына байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құрылған мониторингтік топ бірқатар кәсіпкерлік нысандарға рейдтік шараларын жүргізіп, ақпараттық түсінік жұмыстарын ұйымдастырды.

r

rejd3

 

Аудан орталығындағы «Береке», «Құралай», «Мерей», «Балалар әлемі» сауда орындарында, «Халу» жиһаз дүкенінде, «Асылым» шайханасында, «Аманат» құрылыс, «Мөлдір» азық-түлік, автобөлшектер сататын дүкендерінде болған мамандар сатушылар мен тұтынушыларға індетті толық еңсергенше, бұрынғы қалыптасқан шектеулерді әлі де өмір салтымыздан алшақтатпай, сақтық шараларын мүлтіксіз ұстанудың қажеттігін алға тартты. Атап айтқанда, бетперде кию, жеке бас тазалығы, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, қарым-қатынасты азайту талаптары үнемі орындалуы тиіс.

r

r

rejd6

Бірақ кейбір дүкендерде медициналық маска тақпай, қолғап кимей қызмет көрсетіп жатқандар бар. Сонымен қатар, кезекпен кіру, екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтап тұру талаптары да сақталмаған. Тұтқалар да дезинфекциялық өңдеуден өтпей, кәсіпкерлік нысандарда антисептик те болмай шықты. Кәсіп иелеріне мұндай заң бұзушылықтар тағы да қайталанатын болса, айыппұл салынып, тіпті қайта жауып тастау сияқты әкімшілік жауапқа тартылатыны қатаң ескертілді.

rejd7

rejd8

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521