Санитарлық талаптар сын көтермей тұр

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топтың әлемді дүрліктірген індеттің таралуының алдын алу мақсатындағы рейд жұмысы орталықтағы «Құлагер» сауда үйінен басталды.

Нысан ішіндегі ұялы телефон жөндеу орталығы, асхана, сұлулық салондары мен шаштараздардың санитарлық нормаларды сақтауы қадағаланды. Аталмыш орындардың көбісінде қойылған талаптарды орындау үдерісі кемшін тартып тұрғаны жасырын емес.

rejd4

rejd41

Одан әрі рейд жұмысы «Мирғали» көлік тұрағындағы бірқатар жабық нысандарға жүргізілді. Атап айтсақ: «Бағдат», «Элвира», т.б азық-түлік дүкендері, Алкомаркет, «Өсер», «Ералы» шайханалары, асхана, «Көзайым» сұлулық салоны, «Хадиша» мұсылман тауарлары дүкендері назарға алынды. Сондай-ақ, «Руслан», «Стиль», «Юсуф», «Жанарыс-2», «Асылай» шаштараздары, «Арзан» киімдер, «Нұрай»тұрмыстық тауарлары, «Ет әлемі», кеңсе, құрылыс, ойыншықтар дүкендері де санитарлық тексерістен өтті. Қызметкерлерге топ мүшелері Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысын таныстырып, карантиндік шектеу шараларын мұқият түсіндірді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521