ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бұйрығына сәйкес Кожахметова Гүлназ Ибрагимқызы Құрманғазы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Кожахметова Гүлназ Ибрагимқызы 1986 жылы 11 мамырда Атырау облысы Құрманғазы ауылында дүниеге келген. Ұлты -қазақ. Білімі жоғары.
2009 жылы Ақтөбе қаласы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетін «Медициналық профилактикалық іс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2009 жылдың 02 қыркүйек -2014 жылдары 20 ақпан аралығында Құрманғазы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман қызметін бастаған.
2014 жылдың 20 ақпанынан бүгінге дейін Құрманғазы аудандық санитариялық -эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлімінің басшысы қызметін атқарған.