«Қазтелерадио» АҚ Атырау облыстық филиалы 2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап аудандағы Ганюшкин радио-телехабар тарату станциясынан цифрлық эфирлік телехабарлар тарата бастады.
Оның сандық теледидардың аналогтық сигналынан басты айырмашылығы – кедергіге төзімділігі. Сандық жүйенің сигналы тіпті ең шалғай елді мекендерге қаз-қалпында жетеді. Цифлық эфирлік телехабарлар таратуға көшу телевизияда ашылған жаңа бағыт. Ол бойынша шағын елді мекендердегі аналогты форматтағы екі-үш телеарнаның орнына цифрлық форматта 11 телеарнаға дейін қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оларды қабылдаған кезде қосымша құрылғы пайдаланылмағандықтан электр энергиясын тұтыну да едәуір аз кетеді.
Сіздің теледидарыңыз DVB-T2 цифрлық хабар тарату стандартын қолдайтын болса дециметрлік антеннамен бағдарламаларды көре бересіз. Үй ішілік және сыртқы жай антенаңыз болса жеткілікті. Қалтаңыздан қыруар ақша шығарып «Оtau ТВ» сияқты қондырғысын сатып алып, маман шақырып спутниктік тарелка орнатып, бағыттатып әуре болмайсыз. Бұл жерде айта кетеріміз, ескі теледидарлар, әдетте, DVB-T2 стандартын қолдамайды, ондайда цифрлық сигнал қабылдағыш сатып алу қажет болады. Дейтұрғанмен ол да 25 мыңнан кем тұрмайтын спутниктік антенна сатып алғаннан гөрі анағұрлым арзанға түседі. Шамамен 5500-6500 теңгенің қарарында тұрады. Еліміздің және облысымыздың ең көп қаралатын төмендегідей 11 арнасының сапалы көрсетілімдерін тамашалауға мүмкіндігіңіз бар.
Арналар атауы |
Түйменің нөмірі |
«QAZAQSTAN» |
1 |
«Хабар HD» |
2 |
«Хабар 24» |
3 |
«BALAPAN» |
4 |
«ЕЛ АРНА» |
5 |
«Jibekjoly» |
6 |
«ABAI TV» |
7 |
«Первый канал Евразия» |
8 |
«ATYRAÝ» |
9 |
«QAZSPORT HD» |
10 |
«CASPIAN NEWS» |
11 |
Цифрлық теледидарға қосылудың тәсілдері туралы толық ақпаратты Call-орталықтан 8(727)258-15-00, 8-8000800193; 8707-258-15-00 (WhatsApp, Telegram) алуға болады: Сондай-ақ, тікелей «Қазтелерадио» АҚ Атырау облыстық телерадиохабар тарату филиалының 8(778)-312-7817, 8(701)488-92-93 телефондарына қоңырау шалсаңыз мамандар түсіндіріп береді.
Айбек ӘНУАРҰЛЫ