Саналы ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз

(0 Votes)

– Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенемін. Осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі реформаларды міндетті түрде жалғастырамыз, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Президент қоғамдағы бірлік пен келісімнің, барша қазақстандықтардың жасампаз еңбегінің арқасында дамуда айтарлықтай алға ілгерілегенімізді атап өтті.

Кез-келген ұлттың қай уақытта болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің бірі-саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты етіп тәрбиелеу әрқайсымыздың қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік білім танымдық рөлі зор.

Тәуелсіздік туы желбіреген дербес еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, отанын сүю секілді ең асыл қасиеттерді қан мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ өте ұтымды болар еді. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрді, адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз.

Сондықтан ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің тарихы мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Бала тәрбиесінің алтын бесігі –отбасы. Ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Сондықтан ата -ана өзінің баласын еңбекқор, елінің қамқоршысы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті. Қорыта айтқанда бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұралар-ын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет.

Жас ұрпақты мемлекетіміздің тәуелсіздігін берік нығайту үшін бәсекеге қабілетті білімін жұмсап, ата-бабамыз аманаттаған ұлан-ғайыр жерімізді көздің қарашығындай қорғау жолында қажымас қайраты мен жасымас жігерін жұмсауға үйрету, патриоттық сезім мен адамгершілік сананы қалыптастыру – еліміздегі әрбір отбасы мен жекелеген азаматтардың басты парызы Елдің ертеңгі ұрпағы, киелі жердің иесі – жастар тәрбиесі баршаға ортақ мақсат. Тәрбиенің көзі – байырғы бабалардан мұраға қалған дана сөздер десек, біз сол насихаттың жүргізуші-сіміз. Бұған қоғам алдындағы үлкен міндет ретінде қарағанымыз жөн.

Рафхат Мукушев,

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика