Самаркиндік жастар мерекелік көңіл-күй сыйлады

(0 Votes)

Мұсылмандықтың бес парызының бірі отыз күн ораза тұтқандар үшін үш күндік Айт мейрамының қадір-қасиеті ерекше. Бұл күндері ауыл-ауылда мерекелік шаралар көптеп ұйымдастырылды.

Солардың ішінде Самаркин ықшам ауданының жастары бұл күнді ерекше атап өтті. Стадион ішіне екі киіз үй тігіліп, ауыл тұрғындары мен үлкендерге айт дастарханы жайылды. Туылған жылдарына орай командағы бөлінген ауыл жастары спортттың волейбол, кір тасын көтеру, қазақ күресі, арқан тартыс, қой көтеру түрлерінен өзара сайысқа түсіп, мықтыларды анықтады. Үздік шыққандарға арнайы дайындалған медаль мен мадақтама, заттай жүлде табысталды.

Ауылдың үлкен-кішісі бар ынта-жігерімен оларды қолдап-қолпаштап жанкүйерлік танытып, дүбірлі доданы қызыға тамашалады. Балалар үшін үрмелі батут ойын алаңы жұмыс жасап тұрды.

Ал кішкентайларға тегін балмұздақ үлестіріліп, тәттіге толы сыйлық тарту етілді. Өз ұйымшылдықтарымен танылған самаркиндік жастар осылайша ауылдастарға да, өздеріне де мерекелік көңіл-күй сыйлады. Күні бойына жалғасқан сенбілік думан қас қарайған шақта үлкен отшашумен аяқталды.

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT