Қазақстан Республикасының Конституциясының 35 бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
2023 жылдың 1 мамыр жағдайымен Құрманғазы ауданы бойынша 1149 тұрғынның көлік салығы бойынша 25495220 теңге қарыздары бар. Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады, яғни 2022 жыл үшін көлік салығын төлеу мерзімі 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін.
Бұл ретте, салықты бюджетке төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін өсімпұл есепке жазылады. Заңда белгіленген мерзімде берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын борышкерлердің тізімдері мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жіберілетін болады.
Заңнамаға сәйкес сот орындаушылары банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 АЕК-тен асатын берешек сомасы кезінде ҚР-дан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Сонымен бірге, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады.
Берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қолайсыздықтарды, сондай ақ борыштың ұлғаюын болдырмау үшін азаматтарға салық берешегін өтеген және кейіннен мемлекет алдындағы өздерінің салық міндеттемелерін уақытылы орындаған абзал. Салықтық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді (AppStore, PlayMarket) e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Ол үшін e-Salyq Azamat – Электронды сервистер – Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі – ЖСН-ды енгізу қажет.
Салықты кез келген 2 деңгейлі банктенр арқылы, Халық банкі, Каспий бану мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.