Салықтық демалыстар кімдерге беріледі?

(0 Votes)

Биылдан бастап:

1. Арнайы салық режимі негізінде бюджетпен есеп айырысу жүргізіп отырған бизнес субъектілері табыс салығын төлеуден 3 жылға босатылды.

2. Жеке кәсіпкерліктер мен заңды тұлғалар мүлікке салықтан келесі обьектілер бойынша босатылады: ірі сауда обьектілері,сауда, ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар,көрмелер,дене шынықтыру –сауықтыру және спорт нысандары; -ауыл -шаруашылық өнімін өндірушілер жер салығынан босатылады; -жоғарыда аталған салық төлеушілерге 2020 жылдың 15 тамызына дейін салықтардың барлық түрлері бойынша уақытында орындалмаған салық міндеттемелері бойынша сыйақы есептеу тоқтатылды және салық есептілігін беру мерзімі 3-тоқсанға ауыстырылды.

3. Жалпыға белгіленген режимді қолданатын жеке кәсіпкерліктер жеке табыс салығын төлеуден босатылды.

4. Ірі қара мал және асыл тұқымды балапандарды импорттаушы салық төлеушілерге импортқа қосымша құн салығы бойынша төлемге еліміздің Ұлттық экономика министрлігі есептеу әдісі қолданылады.

5. 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосымша құн салығының мөлшерлемесі (8 %) төмендетілді.

6. Туризм, қоғамдық тамақтану және қонақ үй қызметін жүргізетін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлік салығынан босатылды.

7. Кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылдың 1 маусымына дейін; -салықтың барлық түрі және басқа да міндетті әлеуметтік төлемдер кейінге қалдырылды; -кешіктіріп төлеу үшін өсімақыны есептеу бойынша шаралар қабылдауды және шығыс операцияларын тоқтата тұру, мүлікке билік етуді шектеу және салық пен кедендік қарызды, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу шараларын шектеу (тәуекелдігі жоғары салық төлеушілерді есептемегенде); -15.03.2020-15.04.2020 жылға дейінгі кезеңде жіберілген камералық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды орындау мерзімі ұзартылды (тәуекелдігі жоғары салық төлеушілерді есептемегенде); -салықтық тексерулер мерзімі тоқтатылды.

8. Бензин (авиациялық бензинді есептемегенде), дизель отынын өндірушілерді экспорт кезінде акциз төлеуден босату.

9. Экономиканың анағұрлым зардап шеккен салаларында салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу 6 айға (ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін) тоқтатылды. Бұл қоғамдық тамақтану орындары, жекелеген сауда секторлары, көлік қызметі, консультациялық қызметтер, IT-сектор, қонақ үй бизнесі және тб.

10. 20 наурыздан  бастап бизнес субъектілері мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалға беру төлемінен және жалға беру құнын уақытында өтемегені үшін тағайындалатын өсімақыдан үш айға босатылған. Ол үшін Gosreestr.kz порталында жалға алу келісім-шартына қосымша келісімге электронды цифрлық қолтаңба арқылы қол қою керек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521