«Салауатты сана» жобасы таныстырылды

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп,   оның төрайымы Балғаным Хасенқызы республикалық "Салауатты  сана" жобасының таныстырылымын жасады.

Бұл – ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзі негізіндегі қауіпсіз өмір сүру  үшін арылу керек әлеуметтік  кеселдермен күресу туралы  берген тапсырмасы негізіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының  Аналар кеңесі мен ҚХА  Хатшылығы жасақтаған жобасы.

Мұндағы бес әлеуметтік кесел деп отырғанымыз – нашақорлық, құмар ойындарға  тәуелділік, отбасы және әлеуметтік  зорлық- зомбылық,  вандализм, ысырапшылдық. Өз сөзінде аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясының шешімдерін іске асыру аясында ҚХА Хатшылығы Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарымен бірлесе, ҚХА-ның 13 арнайы жобасы және оларды іске асыру жоспарлары әзірленіп, бекітілгенін айтты. Аталған жобалар Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының Парламентпен, мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен өзара іс-қимылын күшейтуге, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, жалпыазаматтық бірегейлікті, қоғамдағы сенім мәдениетін нығайтуға, қоғамның әлеуметтік кеселдеріне қарсы іс-қимылға, жастарды тәрбиелеуге және жас кадрлар даярлауға арналған.

Мәжіліс барысында аталмыш жоба негізінде атқарылатын жұмыстардың  іс - шара жоспары, аналар кеңесінің салауатты өмір сүретін саналы қоғам қалыптастыру, «Адал азамат» тәрбиелеуге бағытталған жаңа жобаны жүзеге асыру бойынша идеялары мен міндеттері талқылауға ұсынылды.

Ақпараттық топ құрылып, оның жетекшісі  облыстық мәслихат депутаты, кеңес мүшесі, "Жансая" көшбасшы аналар клубының жетекшісі Карсакова Замзагүл Оңдасынқызы болып сайланды.  Қоғамның  әлеуметтік  бес кеселіне байланысты аудандық , округтер деңгейінде   атқарылатын жұмыстар және оларға   жауаптылар белгіленді. 

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521