“Салауатты сана” жобасы бойынша семинар-тренинг өтті

(0 Votes)

Құрманғазы  аудандық Аналар кеңесі мен Ақпараттық түсіндіру тобы аудандық кітапханада "Салауатты сана" республикалық жобасы аясында "Вандализм және бұзақылық" тақырыбында семинар - тренинг ұйымдастырды.

Тренингті аудандық Ақпараттық топтың мүшесі Абай атындағы жалпы орта мектебінің психологі Умбетова Гулмира Талапқызы жүргізді. Семинар - тренингке Атырау облыстық мәслихаттың депутаты, Ақпараттық түсіндіру тобының жетекшісі Карсакова Замзагүл Оңдасынқызы,  Аудандық ішкі саясат және мәдениет, тілдерді дамыту, спорт бөлімінің  қоғамдық даму секторының меңгерушісі Ажигереев Мерей Есенгелдіұлы, Жергілікті  полиция  қызметі бөлімшесінің бастығы, Полиция капитаны Ғайнетов  Ерсін Бауыржанұлы, азаматтық  орталықтың, Жастар Ресурстық орталығының,  округ әкімдіктерінің мамандары  мен Аналар кеңесінің, Аналар  клубтардың мүшелері,  Жастар қатысты.  

Тренинг  жұмысы психологиялық жаттығумен басталып,  топпен жұмыс арқылы  "Тақырыпты ашу", "Ой қозғау", зерттеу қорытындылары, вандализмнің деңгейлері  және онымен жұмыс түрлеріне тоқталды. Сарап алқасы мүшелері  сұрақтар бойынша сөйлеп  түрлі деректер арқылы  өмірдегі жағдаймен байланыстырды.

Семинар соңында "Тоқта , вандал" тақырыбында Жастардың үндеуі қабылданды.  Аудандық Аналар кеңесі төрайымы Хасенова Балганым Хасенқызы жалпы республикалық "Салауатты сана" жобасының қабылдануы, жоба бойынша  алдағы жұмыстар , АТТ-ның мүшелерінің міндеттері туралы түсінік беріп семинарды қорытындылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT