Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-анасы болса, екінші бесік – мектепке дейінгі білім беру мекемелері, яғни балабақша.
Мектепке дейінгі білім беру – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Баланың өз Отанына, отбасына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру балабақшадан басталады.
Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты дамыған, дені сау азамат етіп тәрбиелеу мақсатында «Айгөлек» балабақшасында көптеген жұмыстар атқарылып, «Ашық есік» күндері жиі ұйымдастырылады. Соның бірі ата-анамен арадағы байланысты қалыптастыру мақсатында өткен «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты сайыс. Ауылдың үлкен, ашық спорт алаңында өткен шараны тәрбиешілер Ұлғаным Үбішова мен Нұргүл Салиева ұйымдастырып, балабақша меңгерушісі Марал Кереева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс 8 бөлімнен тұрды. Соңында қатысушы отбасы мүшелеріне жетістіктеріне қарай алғыс хаттар, жұмсақ ойыншықтар сыйға берілді.
Е.Құбашова,
«Айгөлек» бөбекжай балабақшасының әдіскері