Отбасы күні мерекесіне орай “Өнегелі отбасы- қоғам байлығы” тақырыбында шара өткізілді.
Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты - отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі- бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі.
Бүгінгі кешіміздің қонақтары шаңырағы шаттық пен қуанышқа толы ардақты әке, аяулы ана, көпбалалы отбасы Сағынтаевтар отбасы. 4 ұл, 2 қыз дүниеге әкелген ата-ана кешіміздің сәнін кіргізіп, пікір сұхбат алмасып, көңілді күйді қалыптастыру бағытында ойын да ұйымдастырылды.
Мәдениет үйі өнерпаздары тамаша көңіл-күй сыйлап әндер шырқалды. Кеш қонақтары болған Сағынтаевтар отбасына алғысымызды білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.