Сайлауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде ағымдағы жылдың 9 маусымында болатын Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыру мәселелеріне арналған үлкен семинар өтті.

Оған аудандық бөлімдер басшылары, округ әкімдері, сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Семинарды аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Қалиев ашып, күн тәртібімен таныстырды. Алдымен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Бралиевтің сайлаудың құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысы жөніндегі хабарламасы тыңдалды. Хабарламашы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеу жариялап, кезектен тыс Президент сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғаны еліміздің азаматтарының көңілінен шыққан шешім болып, қалың бұқараның арасынан үлкен қолдау тапқанына тоқталды.

Қойылған сауалдарға жауап берген аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Қалиев кейбір ұсыныстарды облыстық басшылыққа жеткізетінін айтып, шараны қорытындылап, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Толығырақ «Серпер» газетінен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT