Сайлау учаскесi жұмысын тоқтатты

(0 Votes)

Наурыздың соңғы жексенбiciне белгiленген, шұғылалы көктемнiң шуақты күнiнде өткен, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының сайлауы өз мәресіне жетті.

Аудандық мәслихаттың шығып қалған бiр депутатының орнына Ерлан Аманжанұлы, Жәнiбек Әмiрғалиев, Нұрлы Бисенова сайлауға түскен болатын.Таңғы 7-де жұмысын бастаған N170 сайлау учаскесi кешкi сағат 20:00-де дауыс саналғаннан кейін жұмысын тоқтатты. Учаскеге тiркелген 1434 сайлаушының 678-i сайлау жәшігіне бюллетендерiн салды. Оның iшiнде 22-сi үйден дауыс берiп отыр.

Айта кетейік сайлаушылардан Ерлан Аманжанұлына -368-i (54,6%), Жәнiбек Әмiрғалиевке -156-cы (25,1%), Нұрлы Бисеноваға-142-сi (21,2%), барлығына қарсы -8 адам дауыс берген. 769 бюллетень жарамсыз деп табылған. Сайлау учаскесінің төрағасы Балағазы Рахметұлының айтуынша барлық заңдылықтар сақталып, сайлаушылардың құқтарына нұқсан келмеген. Е. Аманжанұлы мен Н.Бисенованын сенiмдi өкілдері бақылаушы ретiнде қатысқан. Сайлауда кiм жеңіске жеткені екi учаскенiң дауыс санымен ертең анықталады. Кiм депутат болса да, халық қалаулысы, өкiлдi органның өкілі ретінде ауданымыздың өсiп-өркендеуiне, әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруына, шешімiн күткен мәселелердi бiр жағына шығаруға, сайлауалды бағдарламасын орындауға бiлiмi мен бiлiктiлiгiн жұмсайды деп сенiм артамыз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521