Аудан әкімдігі мен жолаушылар тасымалымен айналысатын мердігер мекеменің арасындағы келісімге орай 20 қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы күні ауданішілік маршруттарда жолаушыларды тегін тасымалдау ұйымдастырылып отыр.
Бұл күні баратын жеріңізге тегін қатынай аласыз. Жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.
Құрманғазы ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі