Сафон ауылдық мәдениет үйінде «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты шара ұйымдастырылды.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халық. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, адамның алғысын алып ризашылығына бөлену – кез келген мұсылманың парызы.
Осыған орай, мәдениет үйінде өткен аталмыш шара ауыл тұрғыны Мұратов Мельстің дертке шалдыққан ұлының еміне көмек қорын ұйымдастыруға арналды. Балаға қойылған диагноз: дәнекер тіндік дисплазия синдромы, психо-сөйлеу дамуының кешеуілдеуі. Осы уақытқа дейін көрші Өзбекстан мемлекетінің Ташкент қаласында ем қабылдып келеді.
Ауыл тұрғындары кішкентай Нұриманның ауруынан жазылуын тілек етіп, аз да болса өздерінің қаржылай көмектерін көрсетуден аянып қалмады. Біз де Нұриманның деніне саулық тілеп, отбасымен бақытты болуын қалаймыз!
Қалампыр Мұратқалиева,
Сафон ауылдық мәдениет үйі әдіскері