Сафондықтар ауыз су үшін алаңдап отыр

(0 Votes)

Сафон ауылдық округінде өткен аудан әкімінің тұрғындармен кездесу жиынында округ әкімі Роза Камзаева   атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерді қамтыған хабарлама жасады.

- Ауыл тұрғындарының  ұсынысы  бойынша  қысқы  мал азығын дайындауға  орман қоры жерінен жер бөлу жөнінде ұсыныстары қанағаттандырылды. Көшелерді  түнгі жарықтандыруға қаралған  4439,0 мың тенгеге жарияланған конкурс бойынша жеңімпаз өз жұмысын атқару үстінде. Ауыл  іргесінде орналасқан зиратты қоршауға 6 млн. 512 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді, қаржы бөлінсе қоршау жұмыстары жүзеге асырылады.     Тазалықты ұйымдастыру  мақсатында округке бөлінген трактор тіркемесімен әр аптаның бесінші күні көшелерді аралап, тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды. Басқа уақытта тұрғындардың сұраныстары негізінде  үлкен қоқыстарды  шығаруға  пайдаланылады. Таза ауыз су модульдік контейнеріне күрделі жөндеу жүргізу үшін 36876,0 мың тенге  аудандық құрылыс, сәулет және қала  құрылыс бөлімі арқылы  ашық конкурс жарияланды. Алайда оған бір ғана  үміткер  түсуіне байланысты конкурс кейінге шегерілді. Су тазарту имаратының бірінші көтерілімін арғы өзекке  көшіру үшін мемлекеттік сатып алу  баға  тәсілімен 6216, мың тенгеге конкурс жарияланды. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 1738,0 мың тенге түнгі жарықтандыру жұмыстарына құжаттар жасақталуда. Көгалдандыру, көркейту жұмыстарына бөлінген 190,4 мың теңгеге саябаққа 400 түп көшет отырғызылды. 934,0 мың теңге үнемделген қаржыға орталық саябақ кеңейтіліп, абаттандырылды,  - деген баяндамашы қоқыс полигонының орнын өзгерту, автокөлік жолдарында қауіпсіздік шараларын алу бағытында атқарылатын істерді атады.

d6c14453-e703-495a-8972-7aa68ab17df5

Ауылдық ардагерлер кеңесі, қоғамдастық төрағасы А.Сейтеков сафондықтарды су мәселесі қинап отырғанын жеткізіп, біраздан бері айтылып келе жатқан өзекшелердегі түп тереңдетудің қашан басталатынын сұрады. Осы бір өзекті мәселені шаруа қожалығы иесі Е.Айтимов, ауыл тұрғыны А.Мусин де  айтып, арналар қазыла қалған жағдайда қай жердің бірінші кезекте тереңдетілуін ұсыныс етті.

Бұл сауалдарға орай жауабын берген аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Хасанов ауыз су мәселесі модульдік контейнер арқылы шешілетінін, ал Панкрашкино каналының 7, Ленивыйдың 21 шақырымдық түбін тереңдету биылғы жылы басталатынын қаперге берді. Мұны қорытынды сөзінде аудан әкімінің орынбасары Н.Қалиев те қайталап, кіреберіс жолға асфальт төсеуге, Затон елді мекенінің көпірін қайта салуға, спорт кешені мен ойын алаңдарын тұрғызуға сметалық құжаттары жасақталу үстінде екенін еске салды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521