Сафонды су мәселесі қинайды

(0 Votes)

Сафон ауылдық округінің әкімі Роза Хамзаева тұрғындар алдында есеп беру жиынында 2021 жылы атқарылған жұмыстардан хабар етті.

– Есепті мерзімде округ тұрғындары 35,5, шаруа қожалықтары 34,2, барлығы 74 тонна қысқы мал азығыдайындалды. Малды асылдандыру бойынша 1 шаруа қожалығы 750 мың теңге субсидия алды. Округ бойынша 9 гектарға көкөніс, 4 гектарға бақша дақылы, 48 гектарға картоп, барлығы 61 га жерге егін егілді. Ауыл тұрғыны А.Хабиденов 3 гектарға егін егіп, өнім жинады, алдағы науқанда да жұмысын жалғастыруды жоспарлауда. Жалпы, ауыл тұрғындарының басым көпшілігі балық аулаумен айналысатын ұжымдардың маусымдық жұмыстарына тартылады. Орман шаруашылығына 2021 жылы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ауылымыздан 27 жас қамтылды. Округте 20 кәсіпкерлік субъектілері, 17 шаруа қожалығы тіркелген, - деп басқа да атқарылған және алда жүзеге асатын жұмыстарды қаперге берді.

safon1

«Каспий таңы» ӨК-нің атқарушы директоры Бақыт Теміров: – Малға су тауып беру қинап тұр, күзде арналар кеуіп қалады. Кеңестік кезеңде Перевалочный деген жерге қуатты сорғылар қойылып, каналдарға су айдалды. Қазір де сондай шаралар алынғаны жөн шығар. Жолды да бақылауда ұстаған дұрыс. Жаяу жүргіншілер жолына жантақ, адыраспан шығып, қаулап кеткен соң былтыр бұзып қайта салды. Аудан орталығымен аралықтағы 27 шақырым жолды мердігер 3-4 жыл салды, соған екінші қабаты төселеме?-деді.

Ауыл тұрғыны Есенбек Сатылғанов: – Денсаулық саласы қызметкерлеріне, ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның дәрігерлеріне ризашылығымды білдіремін. Індет кезінде халыққа көп көмектесті. Оларға неге «Жедел жәрдем» көлігі берілмейді? Шақырған жерге жаяу барып емдейді. Түнде қорқатын шығар, қастарына серік болсын деп балаларын ертіп алады. Қоқыс алаңын көшіру қажет. Елді мекенге жақын қоймай мал моласының қасынан орын бөлген дұрыс, - деген ойымен бөлісті.

Есеп беру жиынына қатысқан басқа да тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Оларға «Құрманғазы су арнасы» мекемесінің басшысы Ерлан Тәкешев,  аудандық орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Әлібек Сатылғанов, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах, округ әкімі Роза Хамзаева жауаптар қайтарды.

Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы: – Сафондағы су тазарту қондырғысы 2008 жылы салынған. 2020 жылға дейін иесіз тұрған, сол эылдадарда ешбір жөндеуде көрмеді. Тек өткен жылы ғана мамандандырылған мекемені шақырыпалып, сүзгілері тазалатылды. Қаражат бөлу үшін барлық су тазарту қондырғыларын заңдастырып жатырмыз. Округке берілген трактор тек тазалыққа бөлінген. Әрбір техника өзінің нысаналы мақсатына пайдаланылуы тиіс. Аудан ішілік жол біткен соң 6 маршрутқа автобус шығарғалы отырмыз.  Таксиден әлдеқайда арзан болады, - дей келіп, кешенді даму жоспары бойынша атқарылғалы отырған жұмыстардан хабардар етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT