Сафонда әйел-аналарға арналған семинар өтті

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия, аналар кеңесі, "Жансая" көшбасшы аналар клубының ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданының 95 жылдығы қарсаңында және "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" республикалық жобасының "Бақытты ана-бақытты отбасы " бөлімі аясында әйелдердің жеке дамуы мен рухани өсуі бағытында Сафон ауылдық клубында семинар өтті.

Оған аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Әдебиетқызы, аудандық ішкі саясат және мәдениет, тілдерді дамыту, білім бөлімі басшылары, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту бөлімдерінің бас мамандары, Сафон, Бірлік, Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдері аудандық аналар кеңесінің мүшелері, еңбек ардагерлері, мал, егін, орман, балық шаруашылығында еңбек етіп жатқан әйел-аналар, мұғалімдер, округке қарасты қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысты. Семинарды "Жансая" көшбасшы аналар клубының жетекшісі Зәмзагүл Карсакова мен аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Әдебиетқызы кіріспе сөз сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

safon-analar-keesi1

Ауданның 95 жылдық мерейтойына орай сауыншы, егінші болған еңбек ардагері, Сафон округінің тұрғыны Хадиша Тспаеваны алғыс хатпен, туған күні осы күнмен тұспа-тұс келген округтің аналар кеңесі төрайымының орынбасары Маназила Молдашеваны құттықтау хатымен марапаттады.

safonda-jel-analara-arnalan-seminar-tti1

safonda-jel-analara-arnalan-seminar-tti2

Сафон ауылдық округінің әкімі Роза Шамарқызы әйел - аналардың қоғамдағы орны, семинардың маңыздылығы жөнінде айтып өтті. "Әлеуметтік төлемдер ", "Ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы " аудандық туризм және кәсіпкерлік бөлімі, жұмыспен қамту орталығының бас мамандары Зоя Қайроллақызы мен Жанар Шайхимқызы хабарлама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

safon-analar-keesi

Тәжірибелік бөлімде "Сөз мәдениеті және сөйлеу өнері- ойдың айнасы" ,"Қолда бардың қадірін білу- ананың өнегелігі", "Ананың қол өнері- асыл қазына" тақырыбындағы шеберлік сабақтарын С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері Динара Шапхатқызы, жеке кәсіпкерлеп Бақтылы Құспанғалиқызы, Эльмира Қашқынбайқызы жүргізді. Психолог Гүлмира Талапқызы "Бақытты отбасында- бақытты аналар мен балалар" атты тренинг өткізіп, "Тілек шамы" әдісі бойынша кері байланыс жасады.

safonda-jel-analara-arnalan-seminar-tti3

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT