Сафонда берекелі істер көп

(2 Votes)

Сафон ауылдық округінде болған аудан әкімі әлеуметтік нысандардың, инфрақұрылымдардың жағдайымен, жол құрылысымен танысты.

Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта мектепте 150 бала офлайн, 200-і онлайн режимінде білім алуда. Ашылған 12 кезекші сыныпта да санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған.

safonda-berekeli-ister-kp

Білім ошағының алдына антисептикпен залалсыздандырып тұратын дезинфекциялық өткел қойылған. Мектеп директоры Сабыржан Жұпарғалиев ғимараттың артқы бөлігі, яғни балабақшаның алдына қырланған кеспе тастар төсеу, салқыншақ жасау сынды ұсыныстарымен бөлісті.

safon4

safon1

Тұрғындардың көптен айтып келе жатқан мәселесі шешімін тапқандай. Бұл -мектептен үлкен Сафон ауылына дейін балалар үшін жаяу жүргінші жолын салу. Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне оны ыждаһаттап тезірек бітіруді тапсырды. Ауылды абаттандыру, көркейту жұмыстары қарқынды жүргендіктен, бұрынғыдан біраз сән кіріпті. 2018 жылы басталған ауылға кірме және ауылішілік автомобиль жолдарын тротуарымен қоса қайта жаңғырту лайықты жүзеге асуда. Мердігер мекеме «БекетСәтЖол» ЖШС. Қазіргі таңда 6 көше тақтайдай жолмен қамтамасыз етіліп, жасалған жұмыстың көрінісіндей жарқырайды. Елді мекенде жарықтандыру мәселесі толығымен шешілген.

safon-3

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521