САФОН ЖАСТАРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ

(0 Votes)

Сафон ауылдық округінде ауыл тұрғыны, белсенді жас Еркебұлан Өтебаев пен «Сафон иман жастары» тобы қолдап, «Құрманғазы қайырымдылық қоры» Хамитовтер әулетіне арнап бастаған «Жетім көрсең жебей жүр» атты шараға үстел теннисінен жарыс өткізу арқылы өз үлестерін қосты.

Ф.Энгельс орта мектебінің спорт залында ұйымдастырылған бұл жарыс өте тартысты, әрі жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың барлығы да үздік ойын өрнегін көрсетті.

safon

«Бақ шаба ма, бап шаба ма?», дегендей олардың ішінде жарыс нәтижесімен Руслан Тілеуғалиев І орынды жеңіп алды. Бахтияр Зиноллаев ІІ орынды иеленсе, ІІІ орын Еркебұлан Өтебаевқа тиді.

safon2

Серік Сапаров «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен ұлығыланды. Соңында садақа жәшігіне жиналған 40535 теңге қаражат «Құрманғазы қайырымдылық қорына» табыс етілді. Осылайша жүректеріне иман ұялаған ауыл жастары қайырымдылық шарасына қосылудан шет қалмайтынын өз істерімен дәлелдеді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT