Бүгін елімізде АЭС мәселесіне қатысты референдум өтуде. Бұған ауыл тұрғындары да белсене атсалысуда. Соның бірі Сафон ауылының тұрғыны Вера Өтепқалиева.
Ол бүгінгі референдум басқаға қарағанда әлдеқайда өзгеше екендігін айтады. «Бүгінгі өтіп жатқанын референдумның жөні бөлек. Себебі, бұл біздің болашағымыз үшін жасалған жарқын қадамдарың бірі. Еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосу біздердің парызымыз деп білемін» дейді ол.
Айта кетейік, Вера ханымға ерте келіп өз дауыс бергені үшін учаске төрағасы сыйлық жасап қуантты.
Әділет АМАНГЕЛДІ