Сафон, Ақкөл, Нұржауда ауылішілік жолдар салынуда

(0 Votes)

«Биыл Құрманғазы ауданының Котяевка, Бірлік, Теңіз ауылдарына кірме және ауылішілік автомобиль жолдары салынып, пайдалануға берілді», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

img-20201220-wa0029

Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты. Оның айтуынша, әлі бірнеше ауылда кірме және ауылішілік автомобиль жолдары салыну үстінде. 

-Қазіргі уақытта Сафон, Ақкөл ауылдарының кірме және ауылішілік автомобиль жолдары салынуда. Бұл жұмыстар 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде Нұржау ауылының кірме және ауылішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының аяқталу мерзімі – 2021 жыл, - деді Құрманғазы ауданы әкімі Қайрат Нұртаев.

img-20201220-wa0027

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT