Сабақтағы тиімді әдіс - тәсілдер

(0 Votes)

Сүйіндік жалпы орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы Балболсын Өтегенқызының ұйымдастырумен «Сабақтағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында жас мамандар арасында мектепшілік коучинг өткізілді.

Мақсаты сабақтағы әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын және сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларын көрсету, оларды қолдануды үйрету. Қатысушыларды ұжымдық сыйластық, бір-біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Шараны мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызына сөз кезегі беріп, бүгінгі жас мамандардың алдына қойған мақсаты шәкіртттердің оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденпаз, талантты азамат етіп тәрбиелеуге, сондай-ақ ұстаз деген есімге лайық болу екенін атап өтті. Шараны педагог-ұйымдастырушы Бауыржан Амангелдіұлы қатысушыларға «Тимбилдинг» психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Түрлері: «Балшықтан өту», «Адамның өз өмірінің суретшісі», «Сиқырлы кілт». Оның негізгі мақсаты-жас мамандарды берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл бірге жұмыс істейтін әріптестерге қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде ұжымдық жұмысы тиімділігін арттыруға көмектеседі. Жас мамандарды төрт топқа бөліп, өз әдіс-тәсілдерін ортаға салды.

img-20220222-wa0081

Бірінші топ «Серпілген сауал» әдісі-арқылы, тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға, талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін топтағы әріптестерінің арасында бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру» арқылы ойларын бөлісті. Екінші топ «Пазлдар әдісі» кішкентай «миқатырғыш пазлдар» суреттерді бірнеше бөліктерге бөліп, жаттығулар психологиялық мәні қатысушылар ойын түрінде әр топтарға тиімді әрекет жасап, рөлдерге бөлді, жұмыс сапасын жақсартып, ортақ мақсатқа жетуге үйретті. Үшінші топ «Саралау» түрлерін тиімді қолдану әр әріптестердің қажеттілігін ашу мен қолдануға, оқыту процесін жетілдіруге, оқу бағдарламасының қойған мақсат, міндеттеріне жетуге және кең ауқымды дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді.Төртінші топ өздерінің «конструктор», «галерия» әдістерін алып, әр топтарға жұмыстарын көрсетті. Шара соңында әр топ бір-біріне кері байланыс арқылы бағалады. Қорытындылау кезінде мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы коучингтің өте сәтті өткенін атап, жас мамандарға білімді іскер, шебер болуға, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатынын, ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай, еңбек етуін, сіздерге шығармашылық шарықтау мен өрлеу тілеймін деп сөзін аяқтады.

img-20220222-wa0082

 

 

 

Хасантаев Бауыржан,

Сүйіндік жалпы орта мектебінің

педагог-ұйымдастырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT