Сағырбай қыстауына белгі қойылды

(0 Votes)

Келесі жылы ұлы күйші Құрманғазының туғанына 200 жыл толады. Осыған орай  өлкеде түрлі мәдени көпшілік шаралар қазірден бастап қолға алынуда.

Соның бірі – ол туған Жиделі өңірі, Бесшоқы тауының шығыс арқасындағы Бөбек мекеніндегі Сағырбай қыстауына белгі қою ісі. Сағырбай Өтепбергенұлы ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында аталған аймақта өмір сүрген. Құрманғазы ұлдарының үлкені. Ол 7-8 жасқа келгеннен-ақ өздерінің ағайыны, байлар Шақабала мен Өтешқалидың қозысын бағыс, есейеді. Аталған екі байдың қыстау орны әлі бар. Оның өзі аталған жерден 8-10 шақырым жерде.

w

Міне, осындай тарихи орындар ақпараттық қамқорлыққа зәру-ақ. Соның бірі Сағырбай қыстауының орны болатын. Бұрындары талай тарихи орындардың көпке танылуына ұйтқы болған белгілі өлкетанушы-жазушы Өтепберген Әлімгерейұлы бұл жолы да бастамашы болып, аталған істі қолға алды. Жергілікті шағын кәсіп иелері Нариман Хайрошев, Жанболат Ысмағұлов, ағайынды Жеткіншек, Бауыржан Қибашевтердің көмегімен Сағырбай қыстауының басына белгі қойды.

w

Бұл ұлы күйшінің алдағы уақытта өткізілетін үлкен мерейтойына орай атқарылар көптеген шаралардың бастамасы екені сөзсіз. Ардақтыларымызға деген құрметіміз азаймасын, ағайын. Ұлыларымызды бағалайық!

 

Жазира Хайрошова,

 музей меңгерушісі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521