Қазіргі әлемдегі індетке байланысты карантин кезінде мектеп жасындағы балалардың үйде болуы себепті олардың қауіпсізігіне көп көңіл бөлу қажет.
Балаларға үйде жалғыз қалғанда отпен ойнамауға кеңес беріп, сіріңке балалардың қолы жетпейтін орындарда сақталғаны дұрыс. Мейлінше электр құралдары токтан ажыратылып, газ плитасының сөніп тұрғаны ұдайы қадағаланып, сондай-ақ балалардың гигиенасына назар аударып, қолын мұқият жуғанын қадағалау маңызды. 18 жасқа толмаған балаларға үйден өз бетімен, ересек адамдарсыз шығуға болмайды. Және де қазір қыс мезгілі болғандықтан Кудряшов ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі ауыл тұрғындарының қыс мезгілінде мұз үстіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауылдық округ аумағындағы Кудряшов, Арна ауылының «Қиғаш» өзенінің жағалауында жаяу жүргіншілерге қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, «Мұз үстімен жүруге тыйым салынады», «Переход по льду запрещён» тақырыбында ескерту белгілері орнатылғандығын хабарлай отырып, ата-аналарға Қиғаш өзенінің жағалауына балаларыңызды қараусыз жібермеулеріңізді ескертеміз. Қазақтың «сақтансаң, сақтармын!» деген даналық сөзін үнемі жадымызда сақтайық!
Кудряшов ауылдық округ әкімі
аппаратының бас маманы
Алтыншаш Нуреденқызы