Сөзсіз сені жеңеміз

(0 Votes)

Үйде отырмыз, тысқа шықпай қамалып,

Тым үрейлі күнбе-күнгі жаңалық.

«Коронавирус» ел-елдерге жетуде,

Өлгендер көп, өмір қандай бағалы.

Қойғанын-ай, үйге жіпсіз арқандап,

Тым үрейлі, кететіндей талқандап.

Алшаң басып жүре алмайсың көшеңде,

Еркіндікте екен өзі, дархан бақ.

Әр күн сайын бір жақтарға желпіндік,

Ал, бүгін бе, желік деген жел тынды.

Қадіріңді білмей келдік қалайша,

Саған жетер не бар екен, еркіндік.

Әне, міне, келетіндей шаңдатып,

Күнің ұзақ, болмайды да таң да атып.

Кейде отырдың ақ қағазға сыр тамып,

Көз жетпеске қиял ғана самғатып.

Жабығыңқы, жұрт қарайды жай аңдай,

Жақсы сөзге жан елтеді, саяңдай.

Билікті де жазғырмайық орынсыз,

Қамқорлығын жасап жатыр аянбай.

Бұл қауіпке күллі дүние алаңдар,

Бір-біріне қарайласты адамдар.

Сау қалсын деп қыбырлаған пенделер,

Жасалуда ізгілікті қадамдар.

Талпын елдес, қалған жоқпыз жарықсыз,

Бәрін жеңген біз бірауыз халықпыз.

Аштық, қуғын, соғысы бар сұрапыл...

Не көрмедік, бәрімен де таныспыз.

Сырт айналып кетпес болар мықтыны іс,

Жылы ұяңда жабырқамай құтты құш.

Шаңырағыңа саңылаудан енбесін.

Айтқандайын үйіңде отыр тып-тыныш.

Алға жылжы, Тәуелсіздік – кемеміз.

Тәңірімен бірге өзіңе сенеміз.

Бұл уақытша сынақ деуі шындық,

Күш бірікті, сөзсіз сені жеңеміз.

Таңатар Дәрелұлы,

Құрманғазы ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT