Сіз бенен бізді аңдып тажал жүр

(0 Votes)

Жандос інім айтса айтқандай, қоңыр күйдің киесі жұққан мекенді де әлгі тажал кезіп жүр, күндіз-түні аңдығаны біз.Қайсымыздың мойнымызға түсер екен тұзағы.

Пәни жалғанда жарық күннен, жақын адамдарыңнан артық кім бар, баршаңыз да аман-сау болып жарқырап жүздесетін күн жақын болғай!
Сабыр Адайдың "Әр қазақ менің жалғызым!" атты "Егемен Қазақстан" газетіне шыққан өлеңін екі жыл сөмкеме салып тасып жүрдім, қазір осы бір ұранды - ынтымақты ой орамын жүрегімнің төріне іліп қойдым.

Қазағымның амандығынан басқа алдамшы әшекей мен баянсыз жылтыраққа түкіргенім бар. Бұрын көп шақырған тойларыңнан қалмауға тырысып сілелеп құласам, қазір ішқұсалықтан өлуге бармын. Өлсем Аллекемнің өзі қалаған күні - мен дайын!

Бірақ, "Тәжівирус" жексұрынның харам қармағына іліккім келмейді. Сіздер де, бауырларым, қандастарым, қара орман - қазағым, сақтаныңыздар! Бар иә жоқ деп сәуегейлікке салынбайық, әйтеуір сақтанайықшы!

"Сақтансаң - сақтармын"​деген Алла аманатына күмән ілмейік, төңірекке күдіктене қарайық, тіміскілеп тажал жүр ғой сіз бенен бізді аңдып. Бейғамдыққа, бейпіл-ауыздыққа үзілді-кесілді тиырым, тоқтам!
Ауызбіршілікпен бұл қиындықты да тырапай асырып, мамыражай күндерде аман көрісуді бізге Алла нәсіп еткей!
"Жұлдыз" журналының күні кешегі 5-ші нөмірінде өзім табынатын ақыным Ғалым Жайлыбайдың "Сұрақ белгісі" поэмасы осы жексұрын вирусқа қарсылық жайында тебіренеді.

Бір шумағын назарларыңызға ұсынамын: "Желсіз бір түнде арнама сыймай шайқалдым, Жаратқан Ием! Тажалдың бетін қайтарғын! Ғаламның бойы ғазауат күйін шалады- Адамның ойы сойылы болса сайтанның..." Бәріңіздің амандығыңыз - басты бақытым!

 
Таңатар Дәрелұлы,

Қазақстан Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT