Орлы ауылдық округіне қарасты Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі апталығы өтті.
Бірлестік жетекшісі Надежда Ниязова. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Мағауия Сұлтанбекқызы Мұхамбетованың ұйымдастыруымен орыс халқының салт дәстүрін насихаттаған тәрбие сағаты өтті. Оқушылар ән айтып, ұлттық билерін биледі.
Көрініс қойып, мақал-мәтелдер айтып, орыс халқының ұлттық тағамдарын ұсынды.