Әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан Мақаш ауылдық округіндегі Ә.Сәрсенбаев атындағы мектепте жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысты Құрманғазы ауданы әкімдігі мәлімдеме жасайды:
Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектеп 1992 жылы пайдалануға берілген.2014 жылы білім ордасы күрделі жөндеуден өткен болатын.2022 жылы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу қажеттігі жөнінде техникалық сараптама жасалып, қаржы мәселесіне байланысты 2023 жылдың жоспарына енгізілген.Осы жылдың мамыр айының соңында 1-ші қабатта орналасқан МАД кабинетінің қабырғасында жарық пайда болған болатын, ауданнан арнайы құрылған комиссия келіп,тексеріп, техникалық қорытынды жасауға ұсыныс берді. Осы ұсыныс бойынша маусым айының 28 мен–шілде айының 5 аралығында сараптамалық қорытынды жұмыстарын жасауға баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша хабарландыру беріліп, қорытындысында «ТОО Gamzatpoekt» жеңімпаз мердігер мекеме болып табылған болатын.Аталған мекеме 11 шілде күні техникалық сараптама дайындап, сметалық құжатын жасақтаған.
Сметалық құжат бойынша құрылыс жұмысын жасауға баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша хабарландыру беріліп, конкурсқа 2 өнім беруші түсіп, нәтижесінде ЖК «Бейбарыс» ұтып алды. Аталған мердігермен келісімшарт 24 тамыз күні жасалып, 20 жұмыс күні ішінде аяқтау мерзімі бекітілді. Күні бүгін ағымдағы құрылыс жұмыстары жасақталған сметалық құжатқа байланысты жүргізіліп жатыр.
Аталған жағдаймен толық танысып, ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімінің міндетін атқарушы Г.Хасанова, білім бөлімі басшысы Г.Құбаева, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы М.Хасанов мектепте болды. Ата-аналарға құрылыс жұмыстарын жүргізуші мекемемен кездесу ұйымдастырылатыны айтылып, жөндеу жұмыстары аяқталған соң, арнайы комиссия құрылып, қабылданатынын, басымдық балалар өмірінің қауіпсіздігіне берілетіні қаперлеріне берілді.
Күні бүгін мектепалды даярлық тобының 55 оқушысы толықтай жабдықталған уақытша кабинеттерде оқытылуда.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі