Сүйіндік жалпы орта мектебінде 1-11 ақпан аралығында дәстүрлі өзін-өзі тану пәні бойынша онкүндік іс-шара ұйымдастырылды. Шараны Нүргүл Ғизатқызы мен Эльза Айдынқызы жоспарымен таныстырылды.
Бірінші күннен бастап «Балаға жүрек жылуы» атты 2-11сыныптарына сынып сағаттары өткізілді. Кітапханашы Жанаргүл Исламғалиқызы «Алтын жүректі анамыз» туралы кітап көрмесімен таныстырылды. Майжан Ғабитқызы, Мөлдір Тұрарбекқызы және Хасиет Бұрханұлы «Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбында сурет байқауларын ортаға паш етті. «Ертегілер елінде» 5-6 сыныптарына көріністер орын алды. «Қайырымдылық-жер бетінде» 8-11 сыныптар арасында акция ұйымдастырылды. Қайырымдылық акцияның негізгі мақсаты - жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерін ұялата отырып, мейірімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, үлкен адамдарымызды құрметтеуге, тәрбиелеу. Аға тәлімгер Айнара Бекболатқызы оқушыларды топқа бөліп жұмыс жасады.
Ауылымыздағы көмекті қажет ететін үлкен адамдарымызға көмек қолын созу болды. Осы шараға оқушылар шараға өте жоғары белсенділікпен қатысты. Өздерінің бойындағы мейірбандық, жылылық қасиеттерін көрсете білді. Ауылдың үлкен адамдарымыз оқушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, үлкен тұлға болуларына және осындай жақсы бастаманың жалғасын табуына тілектерін жаудырды. Шара соңы «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты қорытынды кеші өткізілді. Мақсаты қоғамға орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастыру. Өскелең ұрпақтың өмірден өз орнын табу үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көмектесті. Қорытынды кеште өлең жолдарын, сахналық көріністерін, билерін, көркем сөздерін ортаға салды. Мектебіміздің «Қамқорлық» ақция аясында әлеуметтік педагог Тілекші Сағидоллақызы үйден оқитын оқушыларымызға қамқорлық көрсетті. Кеш соңын мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы құттықтау сөз сөйлеп, онкүндік аясында жасалған жұмыстар бойынша үздік деп танылған оқушы мен сынып жетекші жұмыстарын марапаттап қорытындылады.
Хасантаев Бауыржан,
Сүйіндік жалпы орта мектебінің
педагог-ұйымдастырушысы