Сүйіндікте өткен Наурыз тойы

(0 Votes)

2022 жылғы 22 наурыз күні сағат 10.00 -- 12.30 аралығында Сүйіндік ауылдық мәдениет үйінде "Нұр себеле Ұлыстың Ұлы Күні" атты мерекелік шара өтті.

Наурыз мейрамы округ әкімі Құлшар Қанат Хамитұлының ауылдастарды құттықтау сөзімен басталып, концерттік бағдарламамен, ұлттық салт- дәстүрлеріміз нақышталған сахналық қойылымдармен жалғасты. Округ әкімшілігінің тапсырмасымен, мәдениет үйінің ұйымдастыруымен округке қарасты мекмелер әр алуан дәстүрлерімізді сахналады. Сүйіндік жалпы орта мектебі Қыдыр ата, Наурыз аруы, батагөй қария мен жас ұрпақ бейнелерін және жалпылама Наурыз нақыштарын, салт дәстүрлерімізді сомдаса, Сүйіндік ауылдық ауруханасы ұжымы "Көрісу" дәстүрін өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен көрсете білді. "Лабай ауылдық клубы" ұжымы қазақтың сәбиді бесікке бөлеу рәсімін Наурыз мейрамымен астастыра шынайы бейнелеп берсе, "Сүйіндік Бөбекжай балабақшасы" ұжымы өз кезегінде "Тұсау кесу" дәстүрін де Наурыз мейрамымен сабақтастыра әдемі айшықтай алды.

f

Сахналық қойылымдар арасы әсем әндермен, күмбірлеген күйлермен әрленді. Сүйіндік ауылдық мәдениет үйі өнерпаздарының "Наурыз айтысы" да көрермендерін желпіндіріп, керемет әсерге бөледі. Думанды Наурыз мерекесінде сахнаға көтерілген ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтыгерей ақсақалдың көпшілікке берген батасы да өзіндік мән-мағынасымен ерекшеленді. Наурыз мейрамына ұжым боп ұлттық киім киіп белсенді қатысқан мекемелер мен Қарағалиева Ғалия, Таубаев Марат сияқты жеке кәсіпкерлер мерекеге қатысушылар мен көрермен қауымға Наурыздың негізгі дәмдерін - наурыз көжесі мен ақ бауырсағын ұсынып, тәтті-дәмділерден шашу шашты.

Мерекелік шара соңында округ әкімі Наурыз мейрамына белсенді қатысқандары үшін еңбек ұжымдары мен жеке кәсіпкерлерге ризашылықпен алғыс айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT